Карьерді табиғи желдету

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Карьерді табиғи желдету — карьер кеңістігінде желдің және жылудың әсерімен пайда болатын табиғи ауа қозғалысының әсерімен зиянды лас ауаны карьерден айдап шығып, оның орнына таза ауаның алмасуы. Карьердегі ауа алмасу құбылысындағы болып жататын өзгерістер жиынтығы төрт түрлі сапалық және сандық аэродинамикалық схемалар — конвективтік, инверсиондық, тура ағу және рециркуляциялық түрінде болуы мүмкін. <ref> Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. (Тау-кен ісі, кен байыту және металлургия салалары бойынша) Жалпы редакциясын басқарған Ә. Бектібаев. Алматы: Ғылым, 1999.ISBN5—628—00001—9 </ref>.

Дереккөздер

<references/>