Карутц Рихард

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Карутц Рихард<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref>(туған өлген жылы белгісіз) – неміс этнографы. 20 ғасырдың бас кезінде Маңғыстауды аралап, қазақтар мен түрікмендердің әдеп-ғұрпын, дәстүрін, тұрмысын зерттеген. Карутцтің бұл сапарында оған орысша сауатты, Маңғыстау жерін жақсы білетін сол түбек азаматы, Новопетровскідегі уездік басқарма кеңесінің тілмашы Ораз Оңғалбаев жолбасшы болған. К. осы зерттеу жұмыстарын жинақтап, 1911 жылы Лейпцигте “Unter Kіrgіsen und turkmenen. Aus dem leben der Steppe von Dr. Korutz mіteіnem Beіtrag von Dr. Norbostel” деген атпен неміс тілінде кітап етіп шығарды. Кейінірек оны Е.Петри орыс тіліне аударды (“Маңғыстаудағы қырғыздар мен түрікмендер арасында”). Кітаптың алғы сөзінде жолбасшы болған Ораз Оңғалбаевқа аса ризашылық сезімін білдірген. Кітап тоғыз тараудан тұрады. Осы еңбегінде қазақтар мен түрікмендердің әдет-ғұрпын тартымды баяндайды. Бұл кітапта сонымен бірге ел аузындағы түрлі әңгімелер, мақал-мәтелдер келтірілген. 83 сурет берілген, онда 19 ғасырдың бас кезіндегі Маңғыстау қазақтары, көп жанды отбасы, қазақ қыздары, киіз үй маңы, ауыл адамдарының тіршілігі, тағы басқа бейнеленген.

Дереккөздер:

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Карутц Рихард|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}