Карл XII

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Karl XII 1697.jpg
Швеция королі Карл XII

Карл XII (1682 жыл 17 маусым - 1718 жыл 30 қараша) - швед королі (1697-1718), ірі қолбасшы, Карл XI-нің баласы, оның абсолюттік және ұлы державалық саясатын жалғастырды.

Өмірбаяны

Карл XII-нің өмірінің негізгі белесі оның Солтүстік соғысқа (1700-1721) қатысуына байланысты. Онда ол Данияны тізе бүгуге мәжбүр етті (1700), орыс әскерлерін Нарва түбінде жеңіліске ұшыратып (1700), Польша мен Саксонияға басып кіріп, поляк тағына өзінің әміршісін отырғызды (1706). 1708 жылы Ресейге басып кірді, алайда 1709 жылы Петр I бастаған орыс әскерінің негізгі күшінен Полтава шайқасында (1709) толық жеңіліс тауып, жарақаттанып, Түркияға қашты. Карл XII-нің Швецияның ұлттық мүддесіне қарама-қайшы басқыншылық авантюристік саясаты Швецияны мейлінше күйзелтті. 1715 жылы Карл XII Швецияға оралды. Норвегияға қарсы басқыншылық соғыс кезінде өлтірілді. <ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том </ref>

Дереккөздер

<references/>