Карлгрен Бернхард

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Карлгрен Бернхард<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref> (5.10. 1889, Швеция, Йенчепинг – 1978, сонда) – қытайтанушы швед ғалымы, Стокгольм университетінің құрметті профессоры, Швеция, Норвегия, Данияның корольдік академияларының мүшесі, Ұлыбритания мен Ирландия азиялық зерттеулер қоғамдарының, Париждегі Азия қоғамының, Америка шығыстанушылар қоғамының, тағы басқа құрметті мүшесі болған. Швеция, Париж, Лондонның жоғары оқу орындарында білім алды. Шығыс археологиясы мәселелері жөнінде 50-ден астам монографиялық зерттеулер мен көптеген мақалалар жазды. Оның “Граммата Серика”, “Қытай және қытай-жапон тілдерінің аналитикалық сөздігі”, тағы басқа зерттеулері – Орталық және Орта Азияның, оның ішінде сюнну (ғұндар), сяньби (сабирлар), ежелгі түркілердің және олардың тілдерінің тарихы жөніндегі сирек кездесетін еңбектер. Сонымен бірге, бұл еңбектер ежелгі дәуірде және орта ғасырлардың алғашқы кезеңінде қытай иероглифтерімен жазылған түркі есімдерінің, тіпті мәтіндерінің жазылуын анықтауға мүмкіндік береді. Оның көзқарастары мен зерттеу әдістемесі өзге қытайтанушылар мен түркітанушыларға ықпал етті.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub