Кардиальді бездер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кардиальді бездер (Үлгі:Lang-la glandula — без; cardiaжүрек, жүрекке жақын) — қарынның (асқазанның) өңеш тесігі ашылатын тұсқа жақын жатқан аймақта орналасқан, секрет бөлетін бөлімдері тарамдалған, қысқа өзекті қарапайым түтікше бездер. Қарынның (адамда - асқазан) кілегейлі қабығы іштен сыртқа қарай төрт қабаттан құралған: бірқабатты призма тәрізді безді эпителий, өзіндік тақташа, етті тақташа және кілегейасты негіз.

Қарынның кардиальді бездері кілегейлі қабықтың өзіндік тақташасында (борпылдақ дәнекер ұлпасы) орналасады. Қарапайым түтікше кардиальді бездер секрет бөлетін бөлігінің қабырғасын кілегей бөлетін мукоциттер құрайды. Олардың арасында негізгі, париетальді (көмкерме), эндокринді және жетілмеген жас жасушалар кездеседі. Негізгі жасушалар — қоректік зат құрамындағы протеиндерді қорытатын пепсиноген проферментін бөліп шығарады.

Тұз қышқылымен әрекеттесу нәтижесінде пепсиноген белсенді фермент пепсинге айналады. Париетальді безді жасушалар тұз қышқылының түзілуіне керекті хлоридтер бөледі. Кардиальді бездер құрамында пепсин, тұз қышқылы және кілегей болатын қарын сөлін бөліп шығарады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Кардиальді бездер|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}