Кар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кар, цирк, қалқанды орындық(Үлгі:Lang-de) — қазіргі немесе байырғы мұз басу дамыған атырапта тау беткейінің жоғары бөлігінде түзілген тостаған тәрізді табиғи ұңғыма. Кардың беткейлері оның арқасы сияқты тік, кейде құламалы жартасты, түбі жайпақтала иілген болады. Кардың сыртқы шетінде шоңғалдар жиі кездеседі.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6</ref>

Нивальдық климат жағдайында кішігірім мұздықтар мен қардың экзарациялық әрекеттерінің және аяздық үгілулердің нәтижесінде пайда болады. Кейбір карда тұрақты карлық мұздықтар немесе сұрқарлар жиынтығы, басқаларында карлардың маусымдық жиынтығы болады.

Дереккөздер

<references/>