Капиллярлық кеуектер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Капиллярлық кеуектер( латынша capillaris — қылдай) — капиллярлық күштердің әсерімен ішінде су және басқа да сұйық заттар жүре алатын ұсақ кеуектер, тар жарықшақтар, каналдар және басқа да бос кеңістіктер немесе топырақ бойындағы су сіңетін немесе буланып ұшатын түтікшелер. Ылғалдың буланып ұшып жоғалуын азайту үшін түтікшенің бетін қопсыта жүргізу арқылы жабады. Қопсыту жұмысын суарғаннан соң 1—2 күннен кейін ұзатпай тез жүргізу керек. Тау жыныстардағы дөңгелек пішінді капиллярлық кеуектердің мөлшері шартты түрде 1,0 мм, ал жарықшақтардың шамасы (қалыңдығы) 0,25 мм деп есептеледі. Диаметрі 0,0002 мм, немесе ені 0,0001 мм шамасындағы кеуектерді "субкапиллярлық кеуектер" яки "субкапилярлер" деп атайды. <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref> <ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}