Капабланка

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Капабланка Хосе Рауль<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref> (19.11.1888, Куба, Гавана – 8.3. 1942, АҚШ, Нью-Йорк) – кубалық шахматшы, шахматтан дүние жүзінің 3-чемпионы (1921 – 1927), шахмат теоретигі, дипломат. Шахмат ойнауды төрт жасында әкесінен үйренген.
  • 13 жасында матчтық кездесуде Х.Корсоны ұтып, Кубаның чемпионы атанды.
  • 1904 жылы Нью-Йоркке келіп, университетке түседі.

Ол 1906 жылы Эм.Ласкер қатысқан турнирде бірінші орын алады, 1909 жылы АҚШ-тың чемпионы Ф.Маршаллды ұтады. Капабланка 1911 жылы Еуропадағы Сан-Себастьян турнирінде және 1913 жылы Нью-Йоркте өткен 3 турнирде бірінші, Гаванада өткен турнирде екінші орын алды. 1913 жылы Санкт-Петербургтегі консулдық жұмысқа тағайындалады. Ресей қалаларында шахматтық сеанстар беріп, бірнеше матчтар өткізді. Берлинде Эм.Ласкермен блиц-турнир өткізіп, жеңіске жетті. Мұнан соң Нью-Йорктегі (1919), Гастингстегі (1919) турнирлерде бірінші орын алды. 1921 жылы дүние жүзі чемпионы атағы үшін өткен Х.Р. Капабланка – Эм.Ласкер матчында 9:5 есебімен ұтқан Капабланка әлем чемпионы атағын жеңіп алды. 1922 жылы Лондонда өткен турнирде бас жүлдені еншіледі. 1927 жылы дүние жүзінің чемпионы атағы үшін өткен матчта 15,5:18,5 есебімен А.Алехинге ұтылды. К. чемпиондық атақтан айрылған соң, турнирлерге жиі қатысты. 1931 жылы М.Эйвенді матчтық кездесуде 6:4 есебімен жеңді. Ол өз өмірінде 583 ресми түрде партия ойнап, оның 302-ін ұтып, 35-інде ұтылды, ал 246 партияны тең аяқтады. Кубалық шахматшының енгізген теориялық жаңалықтары мен ойын этюдтері осы күнге дейін құндылығын жоғалтқан жоқ.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Капабланка|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}