Канон

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Канон<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref> (грекше kanon – ереже, қағида),
  • 1) өнерде – өнердің тарихи кезеңдерінде, әдеби бағыттарда пайда болған, өнер түрлерінің негізгі құрамдық заңдылықтарын орнықтыратын дәстүрлі қағидалар мен ережелер жүйесі. Канон өнерде, әдебиетте, логикада, эстетикада және дінде кең таралған ұғым. Канондық қасиеттер ежелгі дәуір және орта ғасырлар өнерінде кездеседі. Канон Ежелгі Египетте адам денесінің канон пропорциялары деп негізделіп, ежелгі грекиялық мүсінші Поликлеттің (б.з.б. 5 ғ.) “Канон” атты трактатында теориялық, ал “Дорифор” мүсінінде (кейін “Канон” деп аталып кеткен) тәжірибелі түрде көрсетілген. Поликлеттің шығарған адам денесінің идеалды пропорциялар жүйесі Ежелгі дәуір өнерінің және кейбір өзгерістермен Қайта өрлеу дәуірі мен Классицизм дәуірі суретшілерінің нормасына айналды. Шығыс және еуропа ортағасырлық бейнелеу өнерінде полиграфия және архитектурада канон орын алды. Эстетикада канон– барлық көркем шығармалар мен ережелердің жиынтығы. Эстетика тарихында канон, негізінен алғанда, сан жағынан бейнеленетін адам келбеті бөлшектерінің өзара қатысы ретінде түсіндірілді;
  • 2) дінде – қасаң қағидалық сипаттағы інжілдік ережелер жиынтығы. Ежелгі еврей тілінде жазылып, б.з.б. 2 ғасырдың басында қалыптаса бастаған Таурат кмен оның грек тіліндегі аудармаларының арасында түсіндірілуі жағынан елеулі айырмашылықтар кездеседі. Інжіл канондарын 367 жылы Афанасий Александриский нақтылағанымен, ол төңіректегі талас-тартыстар 9 ғасырдың соңына дейін жалғасып келді. Сонымен қатар ол православиелік, протестанттық және католиктік канондар болып жіктеледі.Христиан дінінің негізгі үш тармаққа бөлінуі және олардың ішінде өз алдына иерархиялық қатынастардың пайда болуы осы канондық ережелердің өзара қайшы келуіне байланысты туындаған

Дереккөздер:

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Канон|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}