Камиль Рахматұлы Рахмати

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Камиль Рахматұлы Рахмати (25 шілде 1924, Өзбекстан, Ташкент қаласы – 29 маусым 1985) – сәулетші, КСРО сәулетшілер одағының мүшесі. Орта Азия политехникалық институтын бітірген (1957). 1953 – 55 жылы «Ташқалажоба» институтының бас сәулетшісі. 1955 – 60 жылы партия-кеңес органдарының шақыруы бойынша Жамбыл қаласында бас сәулетші және құрылыс және сәулет істері жөніндегі облыстық бөлімінің бастығы, 1960 – 63 жылы КСРО Құрылыс және сәулет академиясының Алматы қаласындағы қазақ филиалының аспиранты, 1965 – 70 жылы Оңтүстік Қазақстан өлкесі коммуналдық шаруашылығы басқармасының бастығы, 1978 – 79 жылы «Оңтүстікқалаауылжоба» институты филиалының бас сәулетшісі, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мұражай-қорының директоры болып қызмет етті.

Жамбыл қаласындағы белгілі ескерткіштер, аудан орталықтары Меркі, Луговое, Бурное ауылындағы орталық алаңдар, қаланың орталық көшелеріндегі, мөлтек аудандардағы және тұрғын-жай кварталдарының және т.б. құрылыстар сияқты облыс аумағында жүзеге асырылған 50-ден аса жобаның авторы.<ref>Тараз энциклопедиясы</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Камиль Рахматұлы Рахмати|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}