Калий тұздарының кендері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

КАЛИЙ ТҰЗДАРЫНЫҢ КЕНДЕРІ, калий тұздары – суда оңай еритін калий не калий-магний минералдарының шөгінді түрінде түзілген хемогендік тау жыныстары. Олардың басты минералдары: сильвин (KCl; 52,44% K), карналлит (KCl·MgCl2·6H2O; 35,8%К), кайнит ([[KMg [SO4]Cl·3H2O]]; 14,07% K), полигалит ([[K2MgCa2 [SO4]4·2H2O]]; 12,97% K), лангбейнит ([[K2Mg2[SO4]3]]; 18,84% K), қосымша минералдары: леонит, шенит, сингенит. Калий тұздарының кендері құрғақ және жылы климат жағдайларында галитке қаныққан су бассейндерінен бөлініп, калийге байыған сулардағы тұздықтың булану нәтижесінде түзіледі. Қалыңдығы ондаған, жүздеген метрге жететін қабат және линза түріндегі калий тұздары тас тұздарының арасында кездеседі. Құрамында тұзы бар тау жыныстары деформацияға шалынғанда, тұз антиклиньдары, брахисинклиньдары, штоктары пайда болады. Мұндай жағдайлар девон, пермь, неоген кезеңдерінде орын алған. Калий тұздары металлургияда, медицинада, пиротехникада, шыны, сабын, бояу өндірісінде, тері илеуде, химия өндірісінде қолданылады. Қазақстанда Калий тұздарының кендері Атырау (Индер) және Ақтөбе (Жилянское) облыстарында бар. <ref name="test">Қазақстан Энциклопедиясы</ref>

Сілтемелер

<references/>


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Калий тұздарының кендері|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}