Калибрлеу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Калибрлеу – 1) прокат өндірісінде – металл шыбықтарды, сымды және басқа да осындай металл бұйымдарды белгілі бір өлшеммен шығару үшін созу станының арнаулы тесігінен өткізіп, суық күйінде сәл сығымдай созу; 2) тұқымды калибрлеу – әр түрлі дақылдардың (жүгері, қант қызылшасы, т.б.) дән түйірлерінің өлшемдеріне сәйкес іріктелуі. Дән сепкішті біркелкі тұқымдармен қамтамасыз етеді. Калибрлеу арнайы калибрлегіш машинамен жүзеге асырылады; 3) жемістерді калибрлеу – қолмен не калибрлеуші машина жәрдемімен жемістерді өлшемдеріне сәйкес біркелкі түйірлерге ажырату. Жемістерді (алма, цитрусты жемістер, т.б.) сапасы мен өлшемдеріне қатысты калибрлеу калибрлеуші машина (диам. 55 – 75 мм тесігі бар 5 транспортер) арқылы іске асырылады. Жемістер өлшемдеріне сәйкес тесіктерден түсіп іріктеліп отырады. Калибрлеуіш машинаның жұмыс өнімд. сағатына 3 т.

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Калибрлеу|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}