Калабрия таулары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Marcusflickr480.jpg
Калабрия таулары

Калабрия таулары, Калабрия Апенниндері - Апеннин түбегінің оңтүстік бөлігіндегі таулар, Калабрияда орналасқан.

Оңтүстігінде Мессина шығанағы, солтүстігінде Крати өзені аралығында. Ұзындығы 200 км-ден астам. Күмбез тәрізді 3 массивке - Ла-Сила (биіктігі 1929 м), Ле-Серре (1420 м) және Аспромонте (1959 м) бөлінеді. Орталық және батыс бөлігі гнейстен, граниттен, тақта тастан, шығыс жағы әк тастан, мергельден, құм тастан, саздан түзілген. Калабрия таулары қатты жер сілкінуге ұшыраған. 500-600 м биіктікке дейін маквис, одан жоғарыда шамшат, талшын, қарағай бұта өседі.<ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер