Кайман аралдары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кайман аралдары (Үлгі:Lang-en) — Кариб теңізінің Солтүстік-батыс бөлігіндегі аралдар тобы. Вест-Индия аралдары құрамына кіреді. Аралдарды 1503 ж Х.Колумб ашқан. Кайман аралдары Ұлыбританияның қарамағында. Аум. 259 км2. Халқы 33,6 мың адам (1995). Тұрғындарының ресми тілі – ағылшын тілі. Кайман аралдары Үлкен Кайман, Кіші Кайман және Кайман-Брак аралдарынан тұрады. Әкімшілік орталығы – Джорджтаун қаласы. Климаты тропиктік, пассаттық. Жылдық орташа температура 15 – 30С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 1300 мм. Аралдарды мәңгі жасыл қоңыржай ылғалды орман көмкерген. Мұнда сирек кездесетін құнды ағаштар (негізінен, махагон ағаштары) өседі. Балық кәсіпшілігі жақсы дамыған. Акула, омар, тасбақа, т.б. теңіз жануарлары ауланады. Тропиктік егіншілік қалыптасқан. Құнды ағаш өнімдері және лангуст, тасбақа сауыттары экспортқа шығарылады. Кайман аралдары ірі халықаралық банк операциялары жүргізілетін орталықтардың бірі саналады. Шетелдік туризм жақсы дамыған.

Сілтемелер

“Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 4 – том

Үлгі:Тәуелді аймақтар


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Кайман аралдары|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Біріккен Патшалық