Казталов бөгендері
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Казталов бөгендері — 1) Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы жерінде Сарыөзен бойындағы бөген. Казталовка ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 45 км жерде орналасқан. Алғаш рет 1975 ж. Сарыөзеннің орта ағысындағы сол аңғарына салынып, іске қосылды. Айдынының аумағы 2,1 км2, көлемі 3,5 млн. м3, суымен 3,6 мың га жер көлдетіп суландырылады. Бөген Мамаев бөгенімен каскадтар арқылы байланысқан;
2) Сарыөзеннің орта ағысында 1977 ж. салынған. Казталовка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 9 км жерде орналасқан. Айдынының аумағы 2,7 км2, көлемі 7,2 млн. м3, суымен 8,6 мың га жер көлдетіп суландырылады. Бөген Варфоломеев 2-бөгенімен каскадтар арқылы байланысқан.<ref name="test">Қазақстан Энциклопедиясы</ref>
Сілтемелер
<references/>