Казакевич

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Казакевич Александр Пахомович (21.8.1889, Ресей, Витебск облысы, Чернецово селосы – 12.8.1959, Алматы қаласы) – опера әншісі, Қазақстанның халық артисі (1954; 1947 жылдан Қазақстанның еңбек сің. арт.). 1917 жылы Санкт-Петербург универитетінің физика-математика факультететін бітіріп, Санкт-Петербург консерваториясының опера әншілері курсында оқыды. 1923 – 24 жылы Мәскеудегі Зимин опера театрының, 1925 – 30 жылы Новосибирск, Пермь, Свердловск, Самара (Куйбышев) опера театрларының, 1931 – 35 жылы Санкт-Петербург опера және балет театрының әншісі болды. 1935 – 59 жылы Алматыда Қазақ опера және балет театрында әнші өнер көрсетті. Мұнда А.А. Зильбердің “Бекет” операсының премьерасында Осиптің партиясын орындады. Оның репертуарында: Борис, Пимен (М.Н. Мусоргскийдің “Борис Годуновында”), Кончак (А.П. Бородиннің “Князь Игорінде”), Мельник (А.С. Даргомыжскийдің “Су перісінде”), Мефистофель (Ш. Шуноның “Фаустында”), Сторожев (Т.Н. Хренниковтің “Дауылында”), Листницкий (И.Дзержинскийдің “Тынық Донында”), т.б. партиялар болды. Ұлы Отан соғысы жылдары концерттік бригада құрамында болып, майдандағы жауынгерлерге концерт берді.

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Казакевич|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}