Каватина

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Каватина (итал. cavatіna) – шағын опералық ария. Каватинаның формасы қарапайымдылығымен, әуенділігімен әрі лирикалық мазмұнымен ерекшеленеді (мысалы, Н.А. Римский-Корсаковтың “Ақша қарында” Берендей мен Дж. Россинидің “Севиль шаштаразында” Фигароның каватинасы). Формасы жағынан күрделірек каватиналар да кездеседі (мысалы, М.И. Глинканың “Руслан мен Людмиласында” Людмиланың каватинасы). Кейде шағын аспаптық ансамбльге жазылған әуезді пьесалар да каватина деп аталады. Каватина қазақ операларында (мысалы, С.Мұхамеджановтың “Айсұлуындағы” Серкенің және “Жұмбақ қызындағы” Нәзіктің каватинасы) кездеседі.

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}