Кабилдер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кабилдер (араб. кабиль – тайпа) – халық. Солтүстік Алжирдің таулы аймағын қоныстанған. Жергілікті бербер халқының бір тайпасы. Жалпы саны 3 млн. (1995). Антропологиялық жағынан кабилдер еуропа нәсілдің Солтүстік африкалық тобына жатады. Кабилдер ислам дінінің суннит тармағын ұстанады. Семит-хамит тілдері шоғырының бір тармағы бербер тілінде сөйлейді. Қазіргі кезде кабилдердің басым көпшілігі араб тілінде сөйлейді. кабилдерге тілі, рухани және материалдық мәдениеті жағынан туарег, шавия, бени-мзаб тайпалары жақын. Кабилдер – Солтүстік Африканың ежелгі тұрғындары. Кабилдердің кейбір бөлігі араб жаулап алушыларымен күресте өз тілі мен мәдениетін сақтап қалған. Кабилдер 19 ғасырда Алжир халқының француз отаршыларына қарсы ұлт-азаттық күресіне белсене қатысқан. Олар отырықшы тұрмыс кешіп, егіншілікпен айналысады. Бидай, арпа, теңіз жағалауында бау-бақша өсіреді. Қосалқы кәсіп ретінде мал шаруашылығымен, аңшылықпен айналысады. Қой мен ешкі, сиыр ұстайды. Қыш құмыра көзелерін жасау, балташылық, темір ұсталығы, қолөнері дамыған. Кабилдер саз балшықтан, шикі кірпіштен, тастан қаланған шатырсыз үйлерде тұрады. Кабилдердің бір бөлігі қазір өнеркәсіпте жұмыс істейді, сондай-ақ, ірі жер иелерінің плантациясында жалданып еңбек етеді.

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Кабилдер

Өз тіліндегі атауы Лекбайел

Жалпы саны

4 млн. адам шамасында

Мекен ететін аумағы

Алжирде – 3 млн.Францияда – 676 мың. Бельгия – 50 мың. Ұлыбританияда – 3 мың.

Діні

Мұсылман-сүнниттер

Тілі

Кабил, араб, француз тілдері

Туысқан халықтары

Бербер халықтары

Негізінен Алжир мемлекетінің солтүстігінде мекен ететін бұл халық өздерін «Лекбайел» деп атағанымен, арабтар оларды «кабилдер» дегендіктен, әлем оны осы атпен таниды. Бербер-ливия тілдеріне жататын кабил тілінде сөйлейді. Бір қызығы, өздері арабтілді ұлттардың арасында отырғанымен, әліпбиі латынша. Сондай-ақ, өздерінің ежелгі «тифинаг» деп аталатын әліпбиін тірілтіп алуға тырысуда. Кабилдер жер шаруашылығымен шұғылданады. Алижир ішінде қаладан-қалаға, басқа да Африка елдеріне жиі қоныс аударып, көшіп-қонып жүреді. Кабилдер арасынан көптеген белгілі саудагерлер, зиялы қауым өкілдері, футболшылар шыққан. Мәселен, әлемге әйгілі Зинедин Зидан, Кәрім Бензема секілді аяқдоп шеберлері – осы ұлттың өкілдері. Олар жалпы бербер текті халықтарға ортақ тұлғалар саналады. Алжирде саяси және мәдени құқықтарын көтеруге бағытталған кабил қозғалыстары жұмыс істейді.

Дереккөздер

1. "Ислам және өркениет" газеті.


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Кабилдер|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}