Кабаре

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Кабаре (франц. cabaret – шағын шарапхана) – ақын, музыкант, актерлер импровизациялық ойын-сауық көрсететін кафелер мен мейрамханалар атауы.

Мұнда өмірдің өзекті мәселесіне арналған өлеңдер оқылып, әндер айтылған. Бағдарламаны көрермендермен әзілдесіп, олардың көңілін көтеріп отыратын конферансье жүргізеді. Кабаре 19 ғасырдың 80-жылдары Францияда (негізінен, Парижде) кең таралды. Кабаре сахнасында эстраданың кәсіби артистері де ойын көрсететін. 1908 жылы Мәскеуде “Летучая мышь” және Санкт-Петербургте “Кривое зеркало” кабаресі құрылды. Қазіргі Батыс Еуропа елдерінде кабаре жеңіл, көңіл көтеруден аспайтын эстрадалық бағдарламасы бар мейрамханалар, түнгі клубтар түрінде ұйымдастырылған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub