КТК (телеарна)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Телеарна КТК «Коммерциялық телевизиялық арна» АҚ - тұңғыш қазақ тіліндегі ақпараттық бағдарлама «Бір күн» деген атпен 1998 жылдың тамыз айында өз жұмысын бастады.<ref>КТК телеарнасының ресми веб-сайты</ref>

Тарихы

КТК телеарнасында тұңғыш қазақ тіліндегі ақпараттық бағдарлама «Бір күн» деген атпен 1998 жылдың тамыз айында шыққан. Бір айдан кейін «Күндерек» деп аталды. 2000 жылдан бастап «Күндеректің» сапасы арта түсіп, телекеңістікке жаңадан «Шарайна» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасы келіп қосылды. Бұл хабардың сол кезде жаппай шығып жатқан апталық сараптамалық телебағдарламалар арасында өзіндік ерекшелігі болды.

2002 жылы тамыз айында публицистикалық «Ел-жұрт» бағдарламасы шыға бастады. Ерекшелігі - халық өз жағдайын өз аузымен еш боямасыз айтып беруге мүмкіндік алды. Ал 2003 жылдың наурыз айынан «Ел-жұртты» Оразәлі Баймұрат жүргізе бастады. Хабар 2006 жылы «Алтын жұлдыз» сыйлығын иеленді. Бұл бағдарлама 2007 жылдың сәуіріне дейін тұрақты түрде шығып тұрды.

«Қоғамдық қабылдау», «Қылмыс-ақпарат», «Алақан» хабарлары да көрерменнің ерекше ықыласына бөленді.

«Миллион кімге бұйырады?» хабары арқылы танымал болған Ескендір Сіргебаев түнгі «Шамшырақ» бағдарламасын жүргізді. Қазіргі тележұлдыз Нұрлан Қоянбаевтың қатысуымен «Қызық радио» әзіл-сықақ хабары шығып тұрды. Одан кейін Қазақстан КВН одағының президенті Есен Елеукен «J-club», «Анда-санда» әзіл-сықақ бағдарламаларын шығарды.

2007 жылғы жаңа телемаусымда Срайыл Смайылдың жетекшілігімен жаңа бағдарламалар: «Алаң жұрт» ақпараттық-сараптамалық, «Өз сөзім» авторлық хабары шықты.

Бірегей жоба – «Репортер» 2008 жылдың наурыз айында жарық көрді. Бағдарлама жүргізушілері – Гүлмира Әбіқай және Асқар Махмұтұлы 2008 жылы Қазақстан Журналистер одағының сыйлығына ие болды.

КТК-ның бірнеше жыл қатарынан «Жыл телеарнасы» атануына қазақ хабарларының қосқан үлесі мол. «Күндерек» ақпараттық бағдарлама 2009 жылдың басынан «Жаңалықтар» деп аталды.

Басшылық

  • Сахарьянов Қанат Ақылбайұлы — Бас директор
  • Меркеев Дәурен Сұлтанұлы — Бас продюсер
  • Подойников Александр - Ақпараттық бағдарламалар дирекциясының директоры
  • Деонисьева Евгения Леонидовна — Коммерциялық қызметтің директоры
  • Фазылжанова (Крылова) Наталья Валерьевна — Меншікті бағдарламалар дирекциясының директоры
  • Фрейман Наталья Георгиевна — Бағдарлама қызметінің директоры
  • Ұлбөпе Жұмабаева — Меншікті тілшілер қосынының бас редакторы

Сiлтемелер

Дереккөздер

<references/>Үлгі:Телерадио