КСРО Ғылым Академиясына – 250 жыл (кітап)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

КСРО Ғылым Академиясына – 250 жыл - 1974 жылы Мәскеу қаласындағы «Знание» баспасынан орыс тілінде жарық көрген кітапша; көлемі 3,42 баспа табақ. Авторы - тарихшы Б.В.Левшин. Кітапшада академияның 1725-1974 жылдар аралығындағы тарихи өткен жолынан қысқаша мәлімет береді. Академияның ғылымдағы жеткен табыстары мен оның көп қырлы қызметіне талдау жасалады. Кітапшада 1932 жылы ғылыми-зерттеу станциясының Қазақстандық базасы құрылып, ол 1933 жылы КСРО Ғылым Академиясының бөлімшесіне айналды делінген.

Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін 1942 жылы сәуірде КСРО Ғылым Академиясының президенті В.Л.Комаровтың басшылығымен Қазақстанда қорғаныс қажетіне байланысты қорларды жұмылдыру жөніндегі Комиссияның құрылуы, КСРО Ғылым Академиясының кеңселері Алматы, Қазан, Свердловск, Ташкент, Фрунзе, тағы басқалары қалаларға көшіріліп орналастырылуы, 1946 жылы Қазақстан Ғылым Академиясының құрылуы жөнінде қысқаша баяндалады.<ref>Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:КСРО Ғылым Академиясына – 250 жыл (кітап)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}