КСРО-ның аймақтық тектоникасы жөніндегі материалдар (кітап)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

КСРО-ның аймақтық тектоникасы жөніндегі материалдар - 1964 жылы Мәскеу қаласындағы «Недра» баспасынан орыс тілінде жарық көрген жинақ, көлемі 16,94 баспа табақ. Жинақта 1 карта, 5 кесте, 7 сурет және 57 сызба берілген. Кітаптың редакторы - Н.А.Белявский, алқа мүшесі - академик Қаныш Сәтбаев. Еңбекке 28 автордың 18 мақаласы енген. Әр мақала соңында әдебиеттер тізімі көрсетілген. КСРО-ның әр түрлі ауданында (Орал, Гай-Хой, Таймыр, Сахалин, Қиыр Шығыс, Солтүстік Қазақстан, Жоңғар Алатауы, Кавказ, Солтүстік Қара тауы, Азов тауы жаталауы, тағы басқалары) жүргізілген ірі аймақтық геологиялық жұмыстардың материалдары жарияланып, тың деректер арқылы окырмандардың аймақтық тектоника жөніндегі және тектоникалық зерттеулердің әдісі туралы түсініктерін кеңейтуге айрықша мән берілген.<ref>Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:КСРО-ның аймақтық тектоникасы жөніндегі материалдар (кітап)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}