Иқа’ат кітабы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Иқа’ат кітабы – мұсылмандық құқықтағы екі жақты келісушілерден келісім талап етілмейтін міндеттемелер мазмұндалған кітап.

Шариғат заңдары бойынша, бұл міндеттемелер әркімнің өзінің ішкі ризашылық сенімінен туғандықтан, әрқайсысының еркімен жүзеге асады. Иқа’ат кітабында екі тараптың келісімі талап етілмейді, онда міндетті түрде куәлар қатысып, сот жол-жоралары орындалады (іс қағаздары жазылып, құжаттар толтырылады, т.б.). Иқа’ат кітабына енген міндеттемелер мәніне қарай 4 бөлімнен тұрады:

1) отбасы тұрмысына қатысты міндеттемелер: ажырасу (талақ айту); көңіл қаларлық ауыр сөздер айту; көңілдес еместігі жайында ант ішу; қарғыс айту;
2) құл мен күңнің жағдайына қатысты міндеттемелер: құл мен күңнің жалпы жағдайы; құл мен күңді иесінің еркімен азат ету; заңды түрде азат ету; иесі өлгеннен кейін азат ету; сыйлық шарт бойынша (ақы төлеу шартымен) азат ету; қашқын құлдарды іздеп табу; күңмен бірге тұру және олардан туған балалар;
3) сот ісін жүргізуге қатысты міндеттемелер: мойнына алу, ант ішу;
4) діни серт беру және күнә жасағандардың өкінуі, күнәсінен тазару үшін жасайтын іс-әрекеттері.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref><ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС,

2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Сілтемелер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub