Иқан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Иқанорта ғасырлардан сақталған екі ескерткіш орнының ортақ атауы.

Бірінші Иқан Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласының Иқан ауылының ортасында орналасқан.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref> 10 – 15 ғасырларды қамтиды. Төбеге айналып кеткен Иқанның негізі қашан қаланғаны жөнінде нақты дерек жоқ. Хафиз Тыныш өзінің “Абдулланама” атты еңбегінде Бұхар ханы Абдулла 1582 ж. Ташкент билеушісі Баба сұлтанға қарсы жорық жасаған кезде Иқанға тоқтап өткенін жазады. 18 ғасырда өмір сүрген белгілі тарихшы П.И. Рычков “Орынбор губерниясының топографиясы” деген еңбегінде Иқанда 300-ге жуық үй болғанын және оның тұрғындары егін шаруашылығымен айналысқанын келтірген. Орта ғасырларда Иқан Түркістан өлкесінің қалалары қатарында едәуір рөл атқарған. Қазіргі сақталған төбе орны трапециялы болып келген, биіктігі 6 – 7 м. Көлемі 300х225 м. Оңтүстік-шығыс бөлігінде цитадель қалдығы (50х50), сондай-ақ, құрылымы бойынша әр түрлі ғимараттардың да сұлбасы көрінеді. Қаланың жоспарына қарағанда қақпасы солтүстік-батысына орналасқан бірнеше мұнаралы болған. Сол арқылы қаланы бақылап, қорғап отырған. Қаланың көп жері жаңа құрылыстар салғанда жойылып кеткен.

Екінші Иқан Иқан ауылының шетіне орналасқан. 4 – 5 ғасырларды қамтиды. Жергілікті халық “Шана асар” деп те атап кеткен. Төбеге айналған қала орнының жоспары үшбұрыш түрінде 180х110 м аумақты алып жатыр. Ал қазіргі сақталуы бойынша биіктігі 1 – 1,5 м қамалмен қоршалған. Қаланың ортасында аумағы 40х40 м болып келген цитадель орны бар. Ол да мұнаралы қабырғамен қоршалған. Қаланың орнында басқа да ғимараттардың болғандығы байқалады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}