Иіс сезімі мүшесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Иіс сезімі мүшесі (Үлгі:Lang-la organon — мүше, olfactoria — иіс) — иіс сезу талдағышының (анализаторының) шеткі бөлігі. Ол мұрын қуысындағы жоғарғы кеуілжір сүйектің артқы жағында, торлы сүйек шытырманы маңында орналасады. Осы аумақтың кілегейлі қабығы түсі сарғыш келген иістік эпителиймен астарланған. Құрылысы жағынан бірқабатты көпқатарлы кірпікшелі иістік эпителийді құрайтын кірпікшелі эпителиоциттер аралықтарында иісті, яғни химиялық тітіркеністі қабылдайтын қысқа дендритті биполярлы сезімтал иіс нейроциттері құрамындағы иісті химиялық заттар мұрын қуысының кілегейлі қабығындағы бездер бөліндісінде (секретінде) еріп, сезімтал нейроцит кірпікшелерін тітіркендіреді. Қозудың нәтижесінде пайда болған тітіркеніс, нейроциттер денелерінен, олардың аксондарына өтеді. Барлық иіс нейроциттерінің аксондары мидың бірінші жұбы сезімтал иіс жүйкесін құрайды. Биполярлы сезімтал нейроциттер секреторлық және қорғаныс қызметтерін атқаратын тіректік эпителиоциттермен қоршалған.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Иіс сезімі мүшесі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}