Иіс газы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Иіс газы, CO – түссіз, иіссіз улы газ. Тығыздығы 1,25 кг/м3; қайнау t 191,50С; балқу t 2050С. Суда нашар ериді. Ауада үлкен мөлшерде жылу шығарып жанады. Иіс газын өндірісте қатты отынды газификациялау арқылы алады (жанғыш, генераторлық, су, жарық газдар). Бұл газдар [[жоғары калориялы отын ретінде, спиртті, көмірсутектерді, альдегидтерді, синтететикалық бензинді, т.б. заттарды синтездеуде қолданылады. Иіс газы көміртектің немесе оның қоспаларының ауа жеткіліксіз болған жағдайда жану кезінде (әдетте, пештің жаппасын ертерек жауып қойғанда, т.б. жағдайларда) пайда болады. Иіс газымен уланудың алғашқы белгісі – бас ауырады және айналады, одан кейін адам есінен танады. Мұндай жағдайда таза ауа қажет. Өндірістік бөлмелерде иіс газының концентрациясы 30 мг/м3-ден аспауы керек.<ref name="source1">Қазақ тілі терминдер сөздігі I том</ref>

Физиологиялық әсері

Физиологиялық әсері CO газын ИІС ГАЗЫ деп те атайды. Оның ауада 0,2% көп болуы өмірге қаупті. Өмірде көміртегі оксидімен уланғанда иіс тиді дейді. Оның улы болу себебі, СО-мен тыныс алғанда қандағы гемоглобинмен оттекке қарағанда СО газы берік байланыс түзіп оттектің организмге келуін қыиындатады. Иіс газымен уланған адамда қанның түсі ашық қызыл, басы ауырып есіңнен танып қалады. Ондай жағдайда адамды тез арада таза ауаға шығарып, алғашқы көмек көрсету қажет.<ref name="source2">Химия 8 класс, " Атамұра 2010"</ref>

Химиялық қасиеттері

1. Көміртек оксиді ауада көп жылу бөле отырып жанады. Осы қасиетіне қарай көміртек монооксиді СО газ тектес отын ретінде пайдалынады.

2. Көміртек монооксиді СО жоғары темпиратурада метал оксидтерін тотықсындырып, бос металды бөліп шығарады.<ref name="source2"/>

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Иіс газы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}