Иісгүл

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox

Иісгүл, кодонопсис (Үлгі:Lang-la) – қоңыраугүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда, Тянь-Шань, Жетісу Жоңғар Алатауындағы өзендер мен бұлақтардың жағасында, орман алаңқайлары мен шалғындықтарында кездесетін 1 түрі – жібілген иісгүлі (С. clemaidea) бар. Оның биіктігі 1 м, сабағы бұтақты, сақина тәрізді дискімен қоршалған. Жапырақтары жұмсақ, қысқа сағақты және жұмыртқа тәрізді қарама-қарсы орналасқан. Тостағаншасы 5 жіңішке тісшеге бөлініп, гүлдеу мерзімі аяқталған соң шалқайып кетеді. Қоңыраулы күлте жапырақтарының биіктігі 3 см, үшкірлеу 5 бөлікке тілімденген. Аталығы 3 бөлікке бөлінген. Тұқымынан көбейеді. Маусымтамыз айларында гүлдеп, тамызда жемісі піседі. Жемісі – құрғақ қорапша. Алғаш бұл мәдени өсімдік 19 ғасырдың аяғында Санк-Петербургте тәжірибеден өтті. Ол Алматыдағы Бас ботаникалық бағында тұқымынан өсіріледі. Жіпілген Иісгүлдің құрамында эфир майы, С витамині, илік заттар бар. Дәрілік өсімдік, одан алынған дәрілік препараттар адам ағзасын әлдендіру және қан қысымын төмендету үшін қолданылады.<ref name="test">Қазақстан Энциклопедиясы</ref>

Суреттер

Сілтемелер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Иісгүл|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}