Иірім аймағы
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Иірім аймағы — турбулентті ағынның кез келген кедергіден асып-ағып өткен кездегі арна қабырғасынан өтпелі ағыншаның бөлініп шығуы. Бұл жағдайда көп иірімді А аймағы пайда болады. А аймағын иірім аймағы, қалған бөлігін — өтпелі ағынша, ал иірім аймағынан өтпелі ағыншаны бөліп тұратын а, Ь, с, сі бетін — бөлу беті деп атайды. Бөлу беті онша айқын білінбейді; ол тұрақсыз болады, кейде жергілікті қисық бетті болып жеке иірімшелерге айналу арқылы өтпелі ағыншамен бірге ағып кетеді де, бөлу беті қайтадан пайда болып, келесі уакыт мезетінде қайтадан жоғалады, бұл құбылыс осылайша қайталанып отырады. Бөліну беті ауданында тұрақты су иірімінің пайда болуынан өтпелі ағыншаға қайта іліккен жылдамдық лүпілі су қысымының артуына әкеледі. Су иірімі аймағында кайталама ағын пайда болады.
Иірімдену
Иірімдену — су қоймалардың жеке бөлікшелеріне немесе арналық тасқындарда екі ағыстың қосылуы нәтижесінде судың жағаның шығыңқы тұсын айнала ағуы және арнаның кенеттен ұлғаюы кезінде дамитын судың айналып ағуы.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Иірім аймағы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}