Иірім

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Иірімсудың жоғары қабатының үйіріле ағуы.


Өзенде ол екі ағыстың қосылуынан, өзен арнасының күрт кеңеюінен, т.б. себептерден болады; теңізде толысу мен қайту толқындарының қарсы ағыспен кездескен тұсында байқалады. Иірім кезінде су ағысының жылдамдығы өте жоғары болады. Ені ондаған см-ден бірнеше км-ге (мұхитта) жетеді. Иірімнің тұрақты, маусымдық және кездейсоқ түрлері бар.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref>


Екінші анықтама: Құм бетінде, кейде сазды таужыныстардың беткі жазықтығында ұшырасатын, әр түрлі қозғалмалы орта (жел, ағыс және т.б.) әсерінен пайда болатын, күрделі түрде астаса тарамдалған толқындар іспетті шағын-шағын қатпарлар жүйесі. Б. сипатын кескіндейтін өлшемдер: толқын үзындығы (L) — көршілес иілімдер айдарының аралығындағы қашықтық; толқын биіктігі (һ) — айдар мен түрен аралығының тік бағыттағы қашықтығы.

Иірім индексі

Иірім белгілері ұзындығының (көршілес иірімдер қырқаларының нормал бағыттағы арақашықтығы) биіктігіне қатынасы. Иірім индексінің мәні әдетте 10-нан аспайды, көбінесе 2—7 аралыгында болады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология—Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Geology-stub