Иіржар (құм)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Иіржар, Iріжар – Балқаш көлінің оңтүстігінде, Іле мен Қаратал өзендерінің аралығындағы құмды алқап. Алматы облысы Балқаш және Қаратал аудандарының жерінде орналасқан. Теңіз деңгейінен 386 м биіктікте. Қырқааралық ойпаңдарында сор және тақыр жерлер кездеседі. Жер асты суы 2 – 80 м аралығындағы тереңдіктен шығады. Солтүстігінде Бестас, шығысында Жаманқұм құмдары мен батысында Қарабасты қонысы жатыр. Құм жалдардың етегінде қара сексеуіл, жүзгін, жусан, еркек шөп, күйреуік өседі. Негізінен мал жайылымы ретінде пайдаланылады.

<ref name="test">Қазақстан Энциклопедиясы</ref>

Сілтемелер

<references />

Үлгі:Stub Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала