Иілмелі бөлгіш жамылғы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Иілмелі бөлгіш жамылғы — пайдалы қазындыларды жер қойнауынан алу барысында оның шығынын және бос жыныстармен араласып, сапасыздануын азайту мақсатымен кейбір қазып алу жүйелерінде арнаулы, иілмелі бөлгіш жамылғы қолданылады. Оның негізгі мақсаты пайдалы қазынды массивінен бөлініп алынған кеннің (көмірдің) үстінде жатқан бос жыныстармен араласып, ластанбауын және шығын болмауын қамтамасыз етеді. Иілмелі бөлгіш жамылғы конструкциясы кен орнының орналасуына қарай қолданылатын кен қазып алу жүйесінің ерекшелігімен анықталады. Иілмелі бөлгіш жамылғы тек қана қопарылған кен (көмір) мен бос жыныстарды бөліп ажыратуға ғана емес, белгілі дәрежеде салмақ көтеруге де қолданылуы мүмкін.<ref> Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. (Тау-кен ісі, кен байыту және металлургия салалары бойынша) Жалпы редакциясын басқарған Ә. Бектібаев. Алматы: Ғылым, 1999.ISBN5—628—00001—9 </ref>.

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}