Ищағы Жағыпарқызы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ищағы Жағыпарқызы (1923 жылы туған), Абайдың шөбересі. Әкесі Жағыпар - Мағауияның баласы. Әке-шешесінен ерте айырылған. 1934 жылы Семей қаласындағы мектеп-интернатта тәрбиеленді. 1942 жылы өз еркімен майданға аттанады. Ол Қиыр Шығыстағы Харбин қаласында әскери авиация эскадрильясында ұшақ технигі міндетін атқарды. 1945 жылы майданнан оралып, Қыздар педагогикалық институтын бітіреді, қызметке орналасады. 30 жылдан астам уақыт Суландыру және су шаруашылығы министрлігінде инженер, аға инженер, кадр бөлімінің аға инспекторы болып істеді. Атасы Абай мен оның үрім-бутақтары, Әуезов туралы естеліктерін үнтаспаға жазып, ақынның Семейдегі мүражай-қорының қолжазба қорына тапсырды. Сонымен қоса Абай ұрпақтарының суреттері мен оған қатысты деректерді де өткізді. Кәмила Мағауияқызы мен Әуезовтің отбасылық тағдыры туралы естелік жазды. Әуезов Ищағыға жоғары оқу орнына түсуге, оны бітіргеннен кейін қызметке орналасуға көмектесті, Алматы қаласынан пәтер алуға қол ұшын берді.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ищағы Жағыпарқызы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}