Ишан Қожа жер асты мешіті
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ишан Қожа жер асты мешіті – дәстүрлі діни сәулет өнері ескерткіші. Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласының оңтүстік жағынан 30 км жерде орналасқан мешіт Ишан қожа қорымының (кейбір деректер бойынша Сейіт қожа) шетіндегі төбенің жартасынан қашалып жасалған үңгір ғимарат. Мешіттің кіреберісі оңттүстікке қараған; аласалау дәлізіне өң-делмеген беті тегіс тастар төселген. Шығысындағы намаз оқитын бөлменің оңтүстік қабырғасынан михраб қашалып жасалған. Мешіт құрылысы жақсы сақталған. 18 – 19 ғ-лардағы дәстүрлі діни сәулет өнерінің ғимаратына жататын мешіт жанындағы қорымда 50-ге тарта ескерткіштер шоғырланған. Ел аузындағы және тарихи деректерге қарағанда бұл өңірде 18 – 19 ғ-ларда балық аулау кәсіпшілігімен айналысқан түрікменнің қожа тайпасының елі жайлаған. Осыған байланысты қорымдағы ескерткіштерде белгіленген таңбалардың көбі қожа тайпасының, яғни шеңбер тәрізді, тек аз ғана бөлігі ғана адай тайпасының қа-біртастары саналады. Мешіт құрылысы Маңғыстау облысы әкімінің шешімімен 2002 ж. жергілікті дәрежеде мемлекеттік қорғауға алынған.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясы, Алматы, 1997; </ref>
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ишан Қожа жер асты мешіті|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}