Ишанғали Меңдіханов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ишанғали Меңдіханов (1872 жыл, бұрынғы Бөкей ордасы, Қалмақ бөлімі – 1919 жыл, Бөкей губерниясы) – драматург, ағартушы, қоғам қайраткері.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9</ref>

Өмірбаяны

  • 1885 жылы Ордадағы 2 кластық орыс-қазақ мектебін бітірген.
  • 1886 – 1991 жылдары Орынбордағы мұғалімдер семинариясында оқыған.
  • 1891 – 1998 жылдары Ақтөбе қаласындағы 2 кластық училищеде мұғалім болған.
  • 19 ғасырдың соңында Меңдіханов Ишанғали патша әкімшілігінің және жергілікті басқарушылардың отаршылдық саясатына қарсы қазақтың ұлттық мүддесін қорғаған ашық пікірлері үшін қуғынға ұшыраған.
  • 1898 жылы мұғалімдік қызметінен заңсыз кетірген
  • 1899 – 1902 жылдары Ақтөбе уездік бітімші сотының тілмашы қызметін атқарды.
  • 1903 жылы Меңдіханов Ишанғали туған еліне оралып, Бөкей ордасын басқаратын уақытша кеңесте кеңесші, Қамыс – Самар бөлімі правителінің көмекшісі болды.
  • 1917 жылы ақпан төңкерісінен соң Уақытша үкіметтің жергілікті комиссарының көмекшісі қызметін атқарды.
  • 1918 жылы Ордада Кеңес үкіметі билікке келгеннен кейін Бөкей әскери төңкеріс к-ті баспасөз бөлімінің меңгерушісі, кейіннен губерниялық ішкі істер халық комиссары болып тағайындалды.
  • 1919 жылы казак бүлікшілері қолынан қапыда қаза тапқан.

Шығармашылығы

Шығармашылық қызметі 1910 жылдан бастау алады. Дүмше молдаларды сынаған

  • “Малдыбай” (1912) пьесасы баспасөзде жарияланып, әуесқой театр сахнасында қойылған.
  • “Ғалым иесі”
  • “Байғұстар”
  • “Тамырлар” пьесалары Орынбор, Қазан, Ташкент қалалары сахналарында көрсетілген.

1920 жылы Семей қаласының драма труппасы Меңдіханов Ишанғалидың “Малдыбай”

  • “Үйшік-үйшік” пьесаларын сахналаған.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Bio-stub {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}