Ишансай
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ишансай – Қаракеңгір өзенінің сол аңғарындағы қыстау. Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Бозтұмсық ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 18 км жерде. Өзімен аттас өзеннің арнасында орналасқан. Жанында Кіші Қандыадыр, Қарашоқы, Керегетас қыстаулары бар. Мал жайылымына қолайлы.<ref name="test">Қазақстан Энциклопедиясы</ref>
Сілтемелер
<references />