Ихтисан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ихтисан(араб. - бір нәрсені дұрыс деп қабылдау, оны жақсы көру). Ұғым ретіндегі мағынасы - мужтахидтің бір мәселеде соған ұқсас мәселелерге берілген үкімдерден өзгеше үкімді беруі. Мужтахидтің мұндай әрекетке баруы сол мәселеде арнайы дәлелдің барлығынан немесе екі түрлі қияс мүмкіндігі болған бір оқиғада себеп ұқсастығын басым көрген жасырын қиястың қолданылуынан туындайды. Бірінші жағдайдағы Ихтисан «жалпы үкімнен тыс жасалған истихсан» деп аталады. Жеке дәлел ретінде жеке нас (аят немесе хадис) алынатындай, ижма немесе әдет-ғұрыпта та алынуы мүмкін. Сондай-ақ мүжтахид жалпы ереженің қатаң орындалуы. Қиындық туындағанда немесе қоғам мүддесіне қарсы келгенде діннің жалпы қағидалары мен мақсаттары турасында арнайы және төтенше шешім ұсынуы мүмкін. Осылайша, Ихтисан қиястың немесе кейбір құқықтық ережелердің қатаң орындалуынан туындайтын жағымсыз және діннің жалпы қағидалары мен мақсаттарына қайшы келетін нәтижелердің алдын алу рөлін атқаратын болады. Қиястың төңірегінде анықтала немесе көрсетіле алатын иллат болғанда, Ихтисан «хикмет» негізінде құрылады. Иллат (негіз) қандай да бір жеке үкімнің алыну себебін құраса, хикмет барлық үкімдердің алыну мақсаттарын құрайды. Сол себептен, теориялық түрде иллат міндетті түрде хикметті қамтуы керек. Осылайша, хикмет құқығының жалпы мақсаттарына сай келуін қадағалайды.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub