Итқонақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Итқонақ (Үлгі:Lang-la) – астық тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Дүние жүзінде кең тараған. Қиыр Шығыста, Солтүстік-Шығыс Қытайда, Жапония және Корей аралдарында кездесетін 21 түрі белгілі. Итқонақ – егістіктер мен бау-бақшаның арамшөптері. Қазақстанда құрғақ далалық аймақтар мен таулардың тастақты беткейлерінде өсетін: шоқ Итқонақ (Setaria verticillata), мысыққұйрық Итқонақ (Setaria glauca), көк Итқонақ (Setaria viridis), Италия Итқонағы (Setaria italica) деген түрлері кездеседі. Биіктігі 10 – 80 см. Сабағы тік, буын және буын аралығынан тұрады, іші қуыс болады. Көп жапырақты, шашақталып өседі. Гүлдерікүрделі масақ, сыпыртқы гүлшоғырына жиналған. Масақшасы ұзын қылтанақты, қос гүлді. Оның біреуі – қос жынысты, екіншісі аталық (саны үшеу) жынысты. Шілдеқыркүйекте гүлдейді. Жемісідәнек. Тұқым салғанға дейін жапырақтары мен сабақтарын мал жақсы жейді. Тұқымдарымен құстар қоректенеді.

<ref name="test">Қазақстан Энциклопедиясы</ref>

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, IV том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Итқонақ|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}