Иттабан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Иттабан (Үлгі:Lang-la) – иттабандар тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.


Дүние жүзінде кең тараған, 80-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанда Ақтөбе, Қостанай, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының далалық сортаңды жерлерінде кездеседі. Оның 5 түрі бар. Соның ішінде көп кездесетіні – иттабан сораң (Frankenia pulverulenta). Биіктігі 10 – 30 см, тамыры жіңішке. Сабағы бұтақтанып келген, сыртын ақ түк жапқан. Жапырағы сопақша, ұзындығы 2 – 7 мм, ені 1 – 2,5 мм, төрт-төрттен топталып орналасқан. Қызғылт түсті гүлі бір-бірден жапырақ қолтығына не бұтақшаларының ашаланған жеріне орналасқан. Аталығы 6, екі шеңбер бойында орналасқан. Аналық мойны жіп тәрізді. Сәуір маусым айларында гүлдеп, маусым қыркүйекте жемістенеді. Жемісі бір ұялы қауашақ. Иттабан туысына жататын өсімдіктердің құрамында тұз көп болады.<ref>Қазақ тілі терминдер сөздігі I том</ref>

Дереккөздер

<references/>