Итжүзім

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Итжүзім (Үлгі:Lang-la) – асқабақ тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.


Дүние жүзінде Орта Азияда, Батыс Еуропада және Жерорта теңіз аймағында кездесетін 12 түрі белгілі. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарындағы жазық жерлер мен тау аңғарларында, сондай-ақ орман шеті мен бұталар арасында өсетін 3 түрі бар. Олардың ішінде реликті түр өте сирек, тек Шардара алабы мен Қызылқұмда ғана кездесетін қаражемісті итжүзім (В. melanocarpa) қорғауға алынып, Қазақстанның « Қызыл кітабына» енгізілген. Оның биіктігі 2 – 4 м. Тамыры жуан, түйнекті, сабағы көп бұтақты, шырмалып өседі. Етжеңді, бестармаққа бөлінген төменгі жағындағы жапырақтары ірі болады. Бір үйлі, сарғыш жасыл гүлі дара жынысты. Тұқымынан көбейеді. Сәуірмамыр айларында гүлдеп, маусымда жемісі піседі. Жемісі – шар тәрізді қою жасыл түсті жидек. Бұл өсімдіктің тамырынан алынатын құрғақ ұнтақты жануарлардың әр түрлі жарасын емдеуге қолданады. Итжүзімнің тағы бір түрі – сыртдән итжүзімінің тамырында улы брионин, брейн глюкозидтері, шайыр, крахмал, балауыз, минералды тұздар, органикалық қышқылдар болады. Оны халық медицинасында несеп жүргізетін, қақырық түсіретін, ауруды бәсеңдететін және қан тоқтататын дәрі ретінде пайдаланады. Тұқымында эфир майы (1,5 – 2,1%) болғандықтан сабын қайнатуға қолданылады. Сондай-ақ гүлінен аралар бал жинайды.<ref>Қазақстан Энциклопедиясы</ref>

Суреттер


Сілтемелер

<references/>


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Итжүзім|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}