Итауыз (қыстау)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Итауыз– Ақжол тауының солтүстігіндегі қыстау. Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Жезді кентінің солтүстік-батысынан 11 км жерде орналасқан. Қыстау Бала Жезді және Үлкен Жезді өзендерінің аңғарында, жонды-белесті ойпатта жатыр. Маңында Талдысай, Қарабұлақ қыстаулары бар. Ұсақ шоқылардың бойынан бұлақтар бастау алады. Балажезді өзенінен мал суаруға арналған су айдағыш станциясы орналасқан. Өңір мал жайылымына пайдаланылады.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>