Испания өнері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Испания өнері - Испанияда Италиядағыдай гуманистік идеялар, алдымен ғалымдар мен ақындарда болды. Содан кейін бейнелеу өнеріне де келіп жетті. Мұнда бостандық соғысы VIII ғасырға созылды. Осындай күрделі күрестен соң испан ұлты және оның өзіне тән қасиеттері қалыптасты. Яғни, беріктік, батылдық, өктемшілдік және өз намысын қорғай білу. Бұл қасиет XVI ғасырдан басталды.

Сурет:Dama de Elche.jpg
Дама из Эльче

XVI—XVII ғасырлар аралығында Испанияда өзгеше суретші жұмыс істеді. Оның негізгі есімі Доменико Теотокопули, бірақ ол ұлты грек, Крит аралында туғанына байланысты Эль Греко деп аталып кеткен (15411614). Кескіндемені ол өзінің елі Крит аралынан оқым келген, онда орта ғасырлар дәстүрлері сақталған еді. Содан XVI ғасырдың 60-жылдары Венецияға көшіп келеді. Испан кескіндемесімен оны терең эмоционалдылық, жан дүниенің көтеріңкі болуы жақындатты.

Оның бірнеше шығармасы діни тақырыпта жазылған. Соның бірі — "Петр мен Павел апостолдары" атты шығармасында, суретші шығармашылығына тән ерекшелікті көреміз. Онда өзінің өзгеше көркем жазу стилін көрсетумен қатар кейіпкерлердің адамдық қасиетіне мән береді. Шығарманың сол жағында бейнеленген Петрдің мәңгілік өзіне-өзі сұрақ қоюмен келе жатқан адам екендігін суық түстер арқылы, оның қайғылы өңін көрсете біледі. Ол өзінің барлық қаталдығымен, ұстамды және өмірдің қызуына толы қалпымен анық көрінді. Бұл суретшіге тән қасиет таңдап алған бояуларымен шығармаға жан береді. Қолданған әдіс-тәсілдері мен салыстырмалы түрдегі серпінді нүктелері, адам мінезіне қарай бөлген белгісі көлемді нақты форманы береді.

Испаниядағы XVII ғасырдың көрнекті суретшілердің ішінде көзге түсетіні Франсиско Сурбаран (1598—1664). Ол Севильде оқып, көбіне түрлі шіркеулерде қасиетті діндар адамдарды салды және негізгі тақырыбы діни сюжеттер болды. Оның кескіндемесі монументтігімен ерекшеленеді. Суретшінің жоғарғы деңгейдегі алғашқы шығармаларының бірі — "Қасиетті Лаврентий" (1636). Бұл туындыда қасірет көрген қасиетті адам бейнесі берілген. Шығарма мазмұны аңыз бойынша жазылған, мұндағы Лаврентий халық батыры және шындық үшін күрескер бейнесінде көрсетілген.

Лаврентий тұлғасы үлкен көлемді монументті фигура және кейінгі жазған шығармаларының бірі, "Марияның жас шагы" — болашақ Кұдай-ана кішкентай қыз бейнесінде көрсетілген шығарма. Мұнан суретшінің өз идеалындағы бейнені көруге болады.

XVII ғасыр ортасында Испан өнерінде реализм бағыты алдыңғы орынға шықты; бірақ Испан суретшілері ондағы кескіндемеге тән ерекшелікті сақтады.

Испан өнерін ең жоғары деңгейге көтерген белгілі суретші Диего Веласкес де Сильва (15991660). Оның туған жерінде өнер өте қызып жатты, сонымен қатар реалистік повестер және жанрлық кескіндеме түрі кеңінен тарады. Онда шығармаларда қарапайым халық өмірі бейнеленсе де, жанрлық кескіндеме өзінің сұрапыл қасиетін сақтады. Оны, әсіресе Веласкес ұстазы Эррер шығармаларынан көруге болады.

Д.Веласкестің негізгі шығармаларына "Таңғы ас" (1617),"Мениндер" (1650), "Ханзада Бальтазар Карлос портреті" (16351636), "X Иннокенти портреті" (1650), “Сайқымазақ Себастьян Мороның портреті” (1648), "Инфанта Маргаританың портреті" (1660), "Жіп иірушілер" (1657) және тағы басқа жатады.

Веласкес 25 жастан бастап IV Филипп патша қарамағында қызмет атқарады. Бұл суретшінің Еуропа кескіндемесіне қосқан үлесі өте зор, ол түрлі тақырыптағы және жанрдағы шығармаларды алып келді. Веласкестің ерекшелігі — бұл көрнекті колорист өз туындыларында бірнеше ғана түстерді қолданды.<ref>Өнер: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулык/Қ.Болатбаев, Е.Қосбармақов, А.Еркебай. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-33-998-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Испания өнері|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}