Исландиялықтар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Исландиялықтар (өздерінің атауы – ислендингар) – ұлт, Исландияның байырғы халқы. Жалпы саны – 300 мыңнан астам адам (1999).Исландияда 245 мың, Канадада 34 мың, АҚШ-та 6 мың Иисландиялықтар тұрады. Дания, Швеция, Норвегия, Германияда да Исландиялықтар бар. Антропологиялық жағынан Исландиялықтар еуропалық нәсілдің атлант-балтық түріне жатады. Үндіеуропалық тілдер шоғырының герман тармағының скандинавиялық тілдер тобына кіретін исланд тілінде сөйлейді. Жазуы латын әліпбиіне негізделген. Христиан дінінің протестант (лютеран) тармағын ұстанады. Исландиялықтар 9 – 10 ғасырларда Норвегиядан қоныс аударып келген ежелгі скандинавиялықтар ұрпақтары болып табылады. Ирландия мен Шотландиядағы скандинавиялықтар иеліктерінен шыққандар да Исландиялықтардың этнос ретінде қалыптасуына ішінара қатысты. 13 – 14 ғасырлардың аяқ шенінде Исландиялықтар ұлты қалыптасты. Негізгі кәсібі – мал шаруашылығы (жайылымдық қой мен сиыр, жылқы өсіру). 19 – 20 ғасырларда балық аулау, өңдеу Исландиялықтардың басты кәсібіне айналды. Ағашқа өю-өрнек салу, бұйым жасау, аяқ киім тігу, металл өңдеу, ұсталық дамыған. Тұрғын үйлері темір бетоннан тұрғызылып, шатырын шифермен, темірмен жабады. Ұлттық киімін әйелдер көбірек киеді. Оған жүннен тоқылған белдемше, ақ жейде мен алжапқыш жатады. Дәстүрлі аяқ киімін итбалық немесе қой терісінен тігеді. Исландиялықтар балық тағамын, теңізден алынатын басқа да азық-түліктерді, сондай-ақ, қой, жылқы етін, сүт тағамдарын (скир) көбірек пайдаланады. Нанды аз қолданады. Халық ауыз әдебиетін сагалар, мифтер мен “эдды” батырлық жырлары, ертегі-аңыздар, балладалар құрайды.

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Исландиялықтар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

en:Icelanders ru:Исландцы