Ислам конгресі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ислам конгресі - тұңғыш халықаралық мұсылман елдері ұйымы. 1926 жылы Сауд Арабиясы королінің бастамасымен құрылған. Ислам конгресінің 2-сессиясы 1931 жылы өтіп, белсенді саяси іс-қимылдары 1949 жылы Пәкістанның Карачи қаласында өткен 3-сессиясынан кейін басталды. Қазіргі кезде Ислам конгресіне 36 мұсылман мемлекеті мүше. Ұйымды екі жылда бір сайланатын Бас хатшылық басқарады, ал күнделікті қызметті Жоғары мәслихат жүргізеді. Жоғары мәслихаттың сайлауы жыл сайын мұсылмандардың Меккеге қажылық етуі аяқталғаннан кейін өтіп отырады.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref> Ислам конгресінің бірнеше орталықтары бар, оларда ислам тарихы, діни мұра жайлы философиялық зерттеулер жүргізіліп, "Ислам әлемі" журналы, "Ислам дауысы" радиосы, т.б. Ислам діни басылымдары шығарылып, хабарлар таратылып отырады.

<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ислам конгресі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}