Иса Қашқынбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алаш орданың белгілі қайраткері Қашқынбаев Иса (Ғайса) Таумышүлы 1891 жылы қыркүйектің 15-інде бұрынғы Орал облысы, ілбішін уезінің Қурайлы болысындағы үшінші ауылда туған.

1903 жылы Қарасу Шалқар облыстық орыс-қазақ мектебінде, одан соң Орал реалдық әскери мектебінде оқыған. Оны 1910 жылы бітіреді. 1912 жылы. Қазан университетінің медицина факультетіне оқуғатүседі. Ол университетте өте жақсы оқиды. 1917 жылы Қазан университетін өте жақсын әтижемен бітіріп шығады.

И.Қашқынбаев - қазақтан шыққан тұңғыш дәрігерлердің бірі. Сондықтан ол дәрігер ретінде де халқына көп қызмет көрсетіп, игілікті істер атқарар еді. Заманы оған басқа міндет жүктеді. 1917 жылы Орал облыстық жер басқармасында бөлім меңгерушісі қызметіне тағайындалады. Жас та болса Қашқынбаев Иса лауазымды қызметке іліге сала жұрттың көзіне көріне бастайды. Оның біліктілігі, іскерлігі, кесек мінезді адами болмысы ерекше болады.

Жетістіктері

1917 жылы желтоқсанда өткен екінші жалпы қазақ съездіне ол Орал облысы қазақтары атынан қатысып, саяси жиынға жиналғандардың ыстық ықыласына ие болады. Съезд И.Қашқынбаевты Алаш орданың ұлт кеңесіне мүшелікке кандидат етіп сайлайды. Оның үстіне ұлт кеңесінің орынбасары қызметін тапсырады. Ал Жымпитыда өткен төртінші Орал облыстық қазақ съездінде «Ойыл уәлаятының» уақытша үкіметіне мүше болып қабылданады. 1920 жылғы 21 маусымда Қазақ РК (б) П облыстық комитеті арнайы мәжіліс ашып, И.Қашқынбаевқа «Қоғам үшін қауіпті адам» деген айып тағады. Осыған байланысты Заволжье әскери округіне жіберу жөнінде шешім қабылдайды. Алайда, Қазақ орталық атқару комитеті ара түсіп, оны Заволжьеге жібермей қалады. Дегенмен И.Қашқынбаевтың енді туған жерде қалмайтыны анық еді. Қазақ РК (б) П облыстық комитеті оны Ташкент қаласына жібереді.

Х.Досмүхамедовтермен бірге (1920 ж. ақпан айының басыңца) Орынбор арқылы Мөскеуге жөнелтілді. Маусым айында кеңес басшылығына табыс етілген Батыс Алашорда үкіметінің қызметі туралы мөлімдемені өзірлегендердің бірі. Сол жылғы 3-маусымдағы БОАК қаулысымен Қазөсревком қызметіне үсынылды.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Ташкентке барысымен тілеулес жолдастарымен бірігіп мұсылмандардың өлкелік фельдшерлік мектебін ұйымдастыру ісіне кіріседі. 1930 жылы Ташкент университетінің аспиранттары М.Әуезов, Қ.Кемеңгеров «Қазақ ұлтшылдарының кері төңкерістік үйымының Ташкенттегі астыртын бөлімшесіне мүше болды» деген айыппен университеттен шығарылып, тұтқындалады. Солармен бірге И.Қашқынбаев та Ташкенттен этаппен айдалып, Алматы түрмесіне жабылады. Абақтыдан 1932 жылы шықты.

1938 жылы 23 сәуірде «Контрреволюциялық ұйымға қатысты» деген айыппен тағы да қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бірақ айыптаушылар бүл қылмысын дәлелдей алмай, 1939 жылы 1 желтоксанда түрмеден босатады.

Соғыс жылдарында көшіріліп әкелінген госпитальдарға жетекшілік етеді. Сталинград және Украина майдандарындағы ерлігі үшін «Қызылжүлдыз» орденімен марапатталады. Соғыстан кейін Ташкентте Семашко атындағы Курортология ғылыми-зерттеу институтында қызмет етті. 1948 жылы 12 мамыр күні Ташкентте қайтыс болған.<ref>«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub