Иса Тіленбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тіленбаев Иса (1829, Маңғыстау түбегі – 1909, сонда) – халық батыры, ақын. Маңғыстау көтерілісі басшыларының бірі. Тіленбаев Ресей үкіметінің 1868 жылғы «Уақытша ережесін» әділетсіздік деп бағалап, халықты көтеріліске шығуға үндеді. Ол Досан Тәжіұлы, Алғи Жалмамбетов, Тілеуберген Орақов, Шүрен Иманов, Дихан Өтепов, Сүгір Шабаев, т.б. бірге халық көтерілісін басқарды. Тіленбаев, Досан бастаған 400 сарбаз 1870 жылы 22 наурызда Үшауыз деген жерде Маңғыстау приставы подполковник Рукиннің жазалаушы жасағына ойсырата соққы беріп, 40 солдатын жойып жіберді. 1870 жылы сәуірде көтерілісшілер Александровск бекінісін қоршап алып, ондағы армян базарын талқандады. Саудагерлер мен өндіріс иелерін тұтқындап, Николаевская ст-н өртеді, армян слободкасы мен Қарағантүптегі шамшырақты қиратты. Кавказдан жіберілген жазалаушы жасақпен Тіленбаев сарбаздары кескілескен шайқас жүргізе отырып, Хиуа хандығына өтіп кетті. 1872 – 1873 жылы туған бастаған көтерілісшілер Хиуа жағында, Хиуа мен Арал теңізі аралығында болды. Көптеген ауылдар да Хиуа, Үстірт бетіне үдере көшті. Патша әкімдері 1873 жылы Хиуа хандығын басып алғаннан кейін халық көтерілісін болдырмау үшін көтеріліс басшыларына кешірім жасады. Тіленбаев 1874 жылы елге оралып, отыз жылдан аса уақыт болыс болды. Тіленбаев құсбегі, мерген, саятшы да болған. Көтеріліс кезінде және өзге уақыттарда шығарған «Күйкеннен аттанарда», «Хиуаға кетерде», «Оязға барарда», «Сексен жас», «Болыс болып жүргенде», «Күн қайда», «Ояз алдында», «Досанды жоқтау», «Қара өлең «, т.б. өлеңдері бар. Тіленбаев ерлігін Ақтан, Бала Ораз, Қашаған, Сәттіғұл ақындар жырлаған. Өлеңдері мерзімді баспасөз беттерінде және «Жырдария» жинағында (Ақтау, 1995) жарық көрді.<ref>«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978;</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Иса Тіленбаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}