Иса Омарұлы Байтулин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Байтулин Иса Омарұлы(15.1. 1928 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы) – биолигия ғылылымының докторы (1979), профессор (1980), Қазақстан Ғылым Академиясынының академигі (1989), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1982).


ҚазМУ-ды (1952, қазіргі ҚазҰУ) бітірген соң осы университетте аспирант, Ботаника бағының меңгерушісі, ассистент, аға оқытушы, биология факультінің деканы және кафедра меңгерушісі (19521975) болды. Қазақстан Ғылым Академияның Бас ботаника бағының директоры (19751983), Қазақстан Ғылым Академияның Биология бөлімінің академия-хатшысы (1988), Қазақстан Ғылым Академиясының вице-президенті (19901994), Ботаника (19831994, қазіргі Ботаника және фитоинтродукция) институтының директоры қызметтерін атқарды. 1995 жылдан осы институттың құрметті директоры. Дүниежүзілік 16-Ботаника конгрестің құрметті вице-президенті болып сайланған (АҚШ, 1999). 1977 ж. «Экоморфоз корневой системы растений в аридной зоне Казахстана» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Негізгі ғылыми еңбектері өсімдік анатомиясы мен физиологиясына арналған. Байтулин Қазақстанда ризология ғылымының негізін салды. Қазақстанның шөл, шөлейтті аймақтарындағы өсімдіктердің тамыр жүйесінің негізгі белгілерін зерттеді. Оның басшылығымен сырттан әкелінген өсімдіктерді Қазақстанда жерсіндірудің жүйелі-экологиялық тәсілі ұсынылды. «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;</ref>

Шығармалары

  • Корневая система растений аридной зоны Казахстана, А.-А., 1979;
  • Строение и работа корневой системы растений, А.-А., 1987;
  • Системный подход к сохранению и сбалансированному использованию биологического разнообразия, А., 1998;
  • Основы ризологии, А., 2001.

Дереккөздер

<references/>