Исатай Нәсекенұлы Кенжалиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Исатай Нәсекенұлы Кенжалиев (10.6.1927 ж. т., Казталов ауданы, Саралжын а.) - ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты, Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Құрметті профессоры 1951 ж. Орал педагогикалық институтын бітірген соң Казталов аудандық оқу бөлімінде мектеп инспекторы қызметін атқарады. 1955 ж. ҚазМУ-дің аспирантурасын бітіріп, Алматы ауыл шаруашылық институтында, Қыздар педагогикалық институтында және т.б. жоғарғы оқу орындарында жұмыс істеді. Осы жылдардан Қазақстан тарихы мәселелерін, әсіресе Махамбет Өтемісұлы, Құрманғазы Сағырбайұлы, т. б. қазақ халқының даңқты тұлғаларының өмірін зерттей бастаған. Талай жылғы ізденіс нәтижесінде «Махамбет» (1974), «Исатай Тайманұлы» (1975), «Казталовка — байырғы атамекен» (1974), т. б. тарихи-танымдық кітаптарын шығарды. Сондай-ақ «Батыс Қазақстанның қасіретті жылдары» (2000), «Бөкей облысы»(1901-1925 ж.), «Жеті жыл соғыстың кесапаты» (2001) монографиялары жарық көрген. Кенжалиевтің мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған ғылыми-танымдық еңбегі Батыс Қазақстан тарихьшың келелі мәселелерін көтеріп, нақты деректерін айқындауға арналған.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub