Исаак Яковлевич Иткинд

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Иткинд Исаак Яковлевич (22.4.1871 (1883), Литва, Вильнюс облысы, Сморгонь қ., – 14.2.1969, Алматы) – мүсінші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1967). Виленская суретшілер мектебінде (1910), кейін Мәскеуде мүсінші С.М. Волнухиннен (1912) оқыған. 1938 – 44 жылы Ақмола облысында, ал 1944 жылдан бастап Алматыда тұрды. Алғашқы ойып жасаған портреттері мен портрет типтері кейіпкерлердің тұңғиық сезімін дәл табуымен ерекшеленеді. Иткиндтің ағаштан мүсіндеген “Амангелді” (1943), “Жамбыл демалыста” (1944 – 46), “Қария күлкісі” (1957), “Ақылгөй” (1958), “Ән” (1960), “Көктем” (1961), “Қуаныш” (“Жұмақтағы Иткинд”; 1966), “Қария” (“Философ”; 1966) секілді еңбектері мүсін өнерінің озық үлгісі қатарына жатады. Мүсіншінің көп туындылары бейбітшілік жолындағы күрес тақырыбына арналған: “Бейбітшілік туралы аңыз” (1960), “Фашизмнің кейпі” (1961), “Соғыс жойылсын” (1963), “Фашизмнің құрбандары” (1964; бәрі де Қазақстанның мемл. өнер музейінде). Иткинд шығармалары филос. пайымдау кеңдігімен, адамдардың психол. жан-күйін дәл де тартымды бере білуімен ерекшеленеді.

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Исаак Яковлевич Иткинд|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}