Ирина Сергеевна Некрасова
Ирина Сергеевна Некрасова - 1988 жылы 1 наурызда Қостанай облысының Владимировка кентінде туған. Ингуш. Анасы - Дубовий София Сейдаровна. Қазіргі уақытта Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде оқиды, заңгер. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 2005 жылдан бері - Астана қаласындағы ШҰКД спорт нұсқаушысы. ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2008). XXIX Олимпиадалық ойындарда ауыр атлетикадан қоссайыс жиынтығы 240 кг нәтижесімен 63 кг дейінгі салмақтағы күміс жүлдегер (Пекин, 2008). «Парасат» орденімен марапатталған (2008). ІІД лейтенанты.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Мемлекеттің экономикалық және саяси дамуы».
Хоббиі - би.
Сүйіп оқитын әдебиеті - көркем әдебиет.
Тұрмыс құрған. Жұбайы - Некрасов Владимир Викторович (1988 ж. т.), ОӘСК қызметкері.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>