Ирекгул

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ирекгүл, каллиантемум (Callianthemum) – сарғалдақтар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда Алтайдың, Жетісу (Жоңғар) және Іле Алатауларының, Тарбағатайдың, Батыс Тянь-Шаньның альпілік шалғындарында, тау беткейлері мен мореналық шөгінділерінде, жылғалардың жағасында кездесетін 3 түрі (Алатау Ирекгүлі, саян Ирекгүлі және тасжапырақ Ирекгүлі) бар. Бұлардың биіктігі 4 – 35 см, жуан тамырлары бар. Сабақтары жіңішке, 1 – 2 гүлді, жапырақтарынан ұзын келеді. Тамыр түбі жапырақтары жұмыртқа тәрізді, қауырсынды, жалпақ сағақты. Тостағанша жапырақтары 5, күлтелерінің саны 5 – 15. Гүлдері ірі, ақ немесе қызғылт, күлгін түсті, аталығының саны көп. Мамырмаусым айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі шар тәрізді, сырты қыртысты, кейде қысқа мұртшасы болады. Ирекгүлдің гүлдері әдемі болғандықтан сәндік үшін өсіріледі.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтеме

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}



{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ирекгул|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}